ЕЛІМІЗДЕ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

ЕЛІМІЗДЕ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында су ресурстарының тапшылығын қысқарту мақсатында ылғал көп қажет ететін дақылдардың егістері азайды. Суды үнемдеу мақсатында су айналымы және суару кезектілігі бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Ұзындығы 1030 км каналдарды механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп, 107 мың гектар аумақта су үнемдеу технологиялары қолданылды.

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, 2023 жылдың вегетациялық кезеңіне дайындық үшін арнайы жоспар бекітілді.

Министрдің мәліметінше, Қызылорда облысы үшін Үкімет резервінен сорғы қондырғыларын сатыпалуға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ұңғымаларды бұрғылауға 3,6 млрд теңге сомасында қаражат бөлінген.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов су тұтынудың жартысынан көбі аграрлық секторға тиесілі екенін айтқан болатын. Дегенмен, жыл сайын су тапшылығының артуына байланысты ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыру қиындай түсуде.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер