СҚО-ДА ПАЙШЫЛАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРНЫНАН ШЫҒА АЛМАЙ ЖАТЫР

СҚО-ДА ПАЙШЫЛАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРНЫНАН ШЫҒА АЛМАЙ ЖАТЫР

Елдің солтүстігіндегі егін жинау науқанының аяқталуы жылдан жылға акционерлерге қатысты жанжалдармен бірге жүреді. Әлеуметтік желілерде шартты жер үлестерінің ашуланған иелерінің, алынған дивидендтердің мөлшеріне наразы немесе оларды мүлдем алмағандардың көптеген өтініштері таралыпжатыр. Кейбір шаруашылықтарда жағдайдың қызып кеткені соншалық, әділеттілікүшін күресте адамдар төтенше шараларға баруға дайын, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнежолдау жолдады.

«Біз „Победа-Тайынша“ ЖШС-мен ынтымақтастық шарттарына мүлдем қанағаттанбаймыз. Біріншіден, серіктестіктің жарғысы қарапайым акционерлердің құқықтарын емес, компания құрылтайшыларының бизнес мүдделерін қорғайды. Екіншіден, пайшылар лайықты төлем алмайды. Соныменқатар, біз ЖШС жаңа жұмыс орындарын құруға және ауданымыздың экономикасында мытуға тырысып жатқанын көрмейміз. Біз кәсіпкерлік қызмет бостандығынаконституциялық құқығымызды іске асырғымыз келеді. Біз құл емес, пайшылармыз», — деп атап өтті Солтүстік Қазақстандықтар Президентке Жолдауында.

Олар ауылшаруашылық кәсіпорнының басшылығы акционерлерге өздерінің заңды құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіреді деп сендіреді.

«Бір ай ішінде „Победа-Тайынша“ ЖШСқызметкерлері ешқандай себепсіз біздің хаттарды қабылдамады. Пошташы хат-хабарларды қабылдаудан бас тарту туралы бірнеше рет акт жасады», — дейді өтініш авторлары.

Бұл факт адамдарды Президенттен көмек сұрауға мәжбүретті. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары олардың өтініштері «Жер аманаты» жер комиссиясының назарын аударады деп үміттенеді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер