Павлодар облысында сиырлардың жаппай қырылуы тіркелді

Павлодар облысында сиырлардың жаппай қырылуы тіркелді

Павлодар облысында сиырлардың жаппай қырылуы тіркелді.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айдар Увалиев облыстың солтүстігіндегі Железин ауданының "Асан" ШҚ-да 37 сиыр құлағанын мәлімдеді. Бұл фермада қой мен жылқы да бар.

Алдын ала бағалау бойынша жануарлар уланған.

"Біз шөпті уланудан күдіктенеміз. Жақын жерде картоп өсірілетін суару учаскелері Колорадо қоңызына қарсы өңделеді. Шөп сынамаларынан басқа жайылымдардан су сынамасы мен патологиялық материал алынды", - деп хабарлады ведомство басшысы.

Біздің Instagram, Youtube, Телеграм-канал аккаунттарымызға тіркеліп, еліміздің қызықты агрожаңалықтарынан хабардар болыңыздар.