Павлодар облысында қаңғыбас иттердің шабуылы салдарынан 83 қой қырылды

Павлодар облысында қаңғыбас иттердің шабуылы салдарынан 83 қой қырылды

Павлодар облысында қаңғыбас иттердің шабуылы салдарынан 83 қой қырылды, деп хабарлайды КазТАГ.

«Оқиға 29 шілде күні түнде Кемеңгер ауылында орын алды. Ұсақ малға қаңғыбас иттердің шабуылы фактісі бойынша 83 бас зардап шекті. Шабуыл нәтижесінде 15 жануардан тістеген іздері табылды, қалған қойлар қорыққанынан бірін-бірі таптап кеткен. Екі ит ұсталды, олар 10 күн бойы бақылауда болады», - деді дүйсенбі күні Павлодар облыстық ветеринарлық станциясы басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов.

Құтыру белгілері расталса, олар эвтанизацияланады.

Аталған факті Павлодар облысының полиция бөлімінде тіркелді, департамент оқиғаның себебін анықтауда.

Біздің Instagram, Youtube аккаунттарымызға тіркеліңіздер.