2023 ЖЫЛЫ АСТАНАДА КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

2023 ЖЫЛЫ АСТАНАДА КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Астанада өндірістік-тамақ кешені нысандарының құрылысы жүргізілуде. Келесі жылы нан зауыты мен көкөніс қоймасын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Нан зауыты тәулігіне 25 тоннаға дейін өнім өндіретін болады. Сондай-ақ, қуаттылығы тәулігіне 100 тоннаға дейін өнім шығаратын сүт өңдеу зауыты салынуда. Ол 2024 жылы енгізіледі.

Әкімдіктің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек азық-түлік базарларының, ірі сауда желілерінің, өнім өндірушілердің өкілдерімен кездесті. Кездесуде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, азық-түлікті уақтылы жеткізу және мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру мәселелері көтерілді.

Астана әкімі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру және сауда үстемесінсақтау жөніндегі жұмысты жандандыруды, 2023 жылға жеңілдікті шарттар жасасуға арналған азық – түлік тауарларының көлемін айқындауды, кәсіпкерлерге-өнімдерді жеткізу жөніндегі шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындауды тапсырды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер