2023 ЖЫЛЫ АҚБӨКЕНДЕРДІ АТУҒА САЛЫНҒАН МОРАТОРИЙ ҰЗАРТЫЛМАҚ

2023 ЖЫЛЫ АҚБӨКЕНДЕРДІ АТУҒА САЛЫНҒАН МОРАТОРИЙ ҰЗАРТЫЛМАҚ

Үкімет аясында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Бекешев журналистердің ақбөкендерге қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Бүгін біз ақбөкендерді алып қоюға мораторийді ұзарту туралы ұсыныспен ақпарат жібердік. Егер біздің ұсынысымыз қолдауға ие болса, онда 2023 жылдың соңына дейін ақбөкендерді алуға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы ақбөкендер атылмайды»,- деді ол.

Даулы мәселеде әлі де шешім жоқ сияқты.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер