Қостанай облысында астық импортының "сұр" схемасы анықталды

Қостанай облысында астық импортының "сұр" схемасы анықталды

Қостанай облысында астық импортының "сұр" схемасы анықталды, деп хабарлайды Хабар 24. Соңғы екі жылда Ресей астығын Өзбекстанға жүк машиналарымен экспорттаған қылмыстық топ құрылды.

Тауар қазақстандық өнім ретінде өтті. Бұл тасымалдаушыларға халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтаруға мүмкіндік берді. Тексеру кезінде олар отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактураларын ұсынды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- Бұл 88 млн теңге көлемінде транзиттік тарифтен жалтаруға мүмкіндік берді. 2021-2022 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасына 500 млн теңгеден астам сомаға 4,8 тонна көлемінде ресейлік астық экспортталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты біліп, пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.