ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА ТӨРТІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ҚУАҢШЫЛЫҚ ҚАУПІ ТӨНІП ТҰР

Бұрын-соңды облыс тарихында мұндай жағдай болған емес. Құрғақшылық әрі кетсе екі жылға созылатын. Көктем басталғалы өңірде жаңбыр аз жауды. Ал еріген қар жерге бірден сіңіп кетті. Салдарынан егіс алқаптарында ылғал жетіспеушілігі туындап отыр. Өңірде алты су қоймасы бар. Соның ішінде көлемі жағынан ауқымдысы — Жоғары Тобыл және Қаратомар қоймалары.

Қос су қоймасының жалпы көлемі 1 млрд 402 млн текше метрге тең. Бірақ олар жартылай ғана толы. Бұған жауын-шашынның аздығы себеп. Күз жылы болып, жаңбыр сирек жауды. Жер дұрыс қатқан жоқ. Ылғалдың дені топыраққа сіңіп кетті. — деді «Тобыл-Торғай Бассейндік Инспекциясы» РММ бас маманы Сергей Мукашев.

Диқандар егіс алқаптарына жаппай ылғал жабуға кірісті. Топырақты кеуіп кетуденсақтау үшін төрт жарым мыңдай техника жұмылдырылды. Биыл ылғал жабу жұмыстары былтырғыдан он күнге ерте басталды.