Операторлар жеңілдетілген дизель отынын сатудан бас тартуда

Операторлар жеңілдетілген дизель отынын сатудан бас тартуда

Егін жинау науқанына шаруалардан 426 мың тонна дизель отынына 34,5 мың өтінім қабылданды. Сонымен қатар, олар өңірлерде жеңілдетілген дизель отынын сатуға дайын операторларды таба алмай отыр, деп хабарлайды World of NAN Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жеткізу операторларын әкімдіктер, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары, қоғамдық ұйымдар, «Атамекен» Ұлттық палатасы, сондай-ақ салалық бірлестіктер өкілдерінің арасынан Комиссия айқындайды.

Еліміздің кейбір өңірлерінде дизель отынын жеткізу жөніндегі операторлар әлі анықталған жоқ. Мысалы, Атырау және Маңғыстау облыстарында жеткізуші тамыз айында анықталады, себебі жөнелту осы айға жоспарланған. Ұлытау облысында ЖЖМ бағасының жоғары болуына және оператордың жоғары үстемеақы алу мүмкіндігінің болмауына байланысты операторларға өтінімдер жоқ.

Биыл Энергетика министрлігі МӨЗ-ден дизель отынының босату бағасын тоннасына 284 мың теңге деңгейінде бекітті. Жеткізу жөніндегі операторлардың шығындарын ескере отырып, фермерлер үшін орташа баға литріне 269 теңгені құрайды, бұл нарықтық құннан 9% төмен.

Біздің Instagram, Youtube аккаунттарымызға тіркеліңіздер.