БҚО-ДА 60 АУЫЛ МӘРТЕБЕСІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

БҚО-ДА 60 АУЫЛ МӘРТЕБЕСІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында соңғы он жылда 60 елдімекен ауыл мәртебесінен айырылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Халқы үдере көшіп, үй саны күрт азайып кеткен. Ауылдық ағайынның қалаға ағылуына жұмыссыздық пен инфрақұрылымның нашарлығы себеп болыпты. Тағы 49 елдімекенге осындай қауіп төніп тұр.

Бір кездері бірлігі бекем, тірлігі тиянақты болған Кожевников ауылының қазір сыйқы қашты. Қаз-қатар тізілген үйлер қаңырап босқалған. Қүтімі болмаған соң, қирап жатыр. Сатып алуға ешкім құлық танытпапты, өйткені инфрақұрылымы жоқ ауылға жан баласы көшіп келгісі келмейді.

Елдімекенде кейінірек құрылған қос агроқұрылымдық оспағанда, байырғы тұрғындардан жалғыз отбасы ғана қалған. Кезінде бұл ауылда 150 шақты үй болған деседі. Инфрақұрылымның жоқтығы мен жұмыссыздық ауылдың тоз-тозын шығарды. Облыста қазір 49 елдімекен осындай хәлде. Олар «ауыл» мәртебесінен айырылуы мүмкін.

«Заңнама бойынша ауыл статусы болу үшінауылдағы тұрғындардың саны 50 адамнан кем болмауы тиіс. Жаңағы 49 ауылдық елдімекеніміз 3 жыл ішінде тұрғындарының саны 50-ден көбеюі керек немесе жергілікті билік олар бойынша шешім қабылдап, оларды дербес есептен шығаруыкерек. Соңғы он жыл ішінде біздің облысымыз бойынша 60 ауыл өзінің»ауыл" статусынан айырылды. Бұған қоса ауылдық округтер саны дақысқартылуы мүмкін. Өйткені бірқатар елдімекен ауыл мәртебесінен айырылғанжағдайда құрамында әкімшілік орталығы ғана қалатын округтер бар. Ал заң бойыншаауылдық округте кемінде 2 ауыл және 500-ден астам тұрғын болуы шарт", — дейді облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының бөлім басшысы Райса Еркеғалиева.

Өңірде мұндай талапқа сәйкес келмейтін 26 әкімшілікаумақ тіркеліп отыр. Енді оларберілген мерзім ішінде қайта оңалмаса, мәртебесінен айырылады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер