ПИЯЗ ЭКСПОРТЫНА ШЕКТЕУ ШАРУАЛАРҒА СОҚҚЫ – ШАРУА

ПИЯЗ ЭКСПОРТЫНА ШЕКТЕУ ШАРУАЛАРҒА СОҚҚЫ – ШАРУА

Шет мемлекеттерден отандық пиязға деген сұраныстың артқаны соншалық, Үкімет жуаны бұдан былай экспорттамайтын болды. Ішкі нарықтың тапшылығыннан қатты қорыққан билік әзірге 3 айлық шектеу енгізіп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл жаңалық диқандарды қуанта қоймады. Жылда елге қажетті көлемді артығымен орындайтын олар, былтыр да жоспарды 3 есе асырып 1 млн 100 тонна жинап алған. Ал, ел халқы осының 360 мың тоннасын ғана тұтынады. Қалғаны шет елдерге экспортталуы керек. Аяқасты қойылған шектеу олардың бар жоспарын бұзып тұр.

Мұндай шектеу диқанды шығынға ұшыратады. Қазір елдегі қоймаларда 152 мың тонна қор сақтаулы. Егер келер айдың соңына дейін жуалар сатылып кетпесе, пайдаға аспай, шіріп кетуі мүмкін. Өйткені елде заманауи қоймалар жоқтың қасы. Күн жылығанда көгөністі сақтап тұру тіпті мүмкін емес.

«Екі жыл бұрын қырыққабатқа шектеу қойған үйстіп. Бүкіл южный регион бүкіл капустаны лақтырды шірітіп. Былтыр күзде естеріңізде болса, қырыққабат қатты қымбаттап кетті. Егер биыл біраз адам пияз екпей қалса күзде біз тағы қымбат пияз жейміз», — дейді Шаруа қожалығының директоры Нұрлан Нұрбеков.

Негізінен Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев осыған дейін пияз экспортына тыйым салуды қолдамайтынын айтқан. Бірақ комиссия шешіміне қалайда көндіккенге ұқсайды.

«Жалпы жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Егерде тұрақсыз жағдай қалыптасатын болса, онда шекараны ашып, бұл экспорттың тыйымды алып тастау керек болады. Бұлжерде тағы да комиссияның шешіміне байланысты болады», дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер