ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытужөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен шағын несие беру қағидаларын бекітті. Несиелер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін болады. Бұл туралы eldala.kz АНК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасайотырып хабарлайды.
Қағидаларда кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде микрокредиттер беру көзделгені атапөтіледі.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5% — дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы — кепілмен қамтамасыз етудің міндеттішартымен 5 млн теңгеге дейін.
«Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсатүшін 5 жылға дейін. Бұл қызмет бағыты үшін-7 жылға дейін», — деп атап өтті корпорация.
Сондай-ақ негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол шағын несие беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.
Қазіргі уақытта Еңбек министрлігі келесі бағыттажұмыс жасауда:
жергілікті атқарушы органдарменнесиелік шарттар жасасу;
«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасасу;
бизнес-жобаларды қарау бойыншаөңірлік комиссиялар құру.
Микрокредит алуға өтінімдерді қабылдаудың басталуыжәне жүгіну қажет кеңселердің мекенжайлары туралы қосымша хабарланатын болады.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер