ҚАЗАҚСТАН МЕН БАӘ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ҚАНДАЙ КЕЛЕСІМГЕ КЕЛДІ?

ҚАЗАҚСТАН МЕН БАӘ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ҚАНДАЙ КЕЛЕСІМГЕ КЕЛДІ?

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерімен ет өнімдері және қой етін араб елдеріне жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойды. Бұл уағдаластықтарға ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың сол елге іс-сапары кезінде қол жеткізілді.

«Біз тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, энергетика, геология сияқты салаларда инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және тереңдету үшін айтарлықтай әлеуетті байқап отырмыз. Аталған салалар біздің стратегиялық мақсаттарымызға сай келеді», —деді Әлихан Смайылов.

Инвесторларға тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласы, құрылыс және т.б. салаларда жалпы сомасы 6,5 млрд доллардан астам жаңа 40 инвестициялық жобаның тізбесі ұсынылды.

Премьер-министр сондай-ақ ауыл шаруашылығы, энергетика және банк секторында бірлескен жобаларды іске қосу перспективаларын атап өтті.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер