БҚО-ДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА СУБСИДИЯЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ АУДАРУ АНЫҚТАЛДЫ

БҚО-ДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА СУБСИДИЯЛАРДЫ ЗАҢСЫЗ АУДАРУ АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамытуға субсидияларды заңсыз аудару фактілері анықталды. Олардың бірі Ақжайық ауданында, деп хабарлайды Хабар 24.

Онда ерлі-зайыптылар бір-бірінен 21 млн теңгеден астам сомаға 145 бас асыл тұқымды мал сатып алды. Заңға сәйкес, бірлесіп алынған мүлік олардың ортақ меншігі болып табылады.

Осындай сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында 350 шаруа қожалығына құқықтық кеңес берілді. Бейінді ведомство мемлекеттік органдардың жұмысы мен мониторингін жүргізеді. Жыл басынан бері 4 мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелінің 54 фактісі анықталды. Ал «бірыңғай сатып алу терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы 350 млн бюджет қаражаты үнемделді.

Біржан Хайруллин, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасының басшысы:

— 9 айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы республика бойынша бірінші орынды иеленді. Мемлекеттік органдардың өздері жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі ұйымдастырудың арқасында 11 миллиард теңгеден астам үнемделді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер