ГЕРМАНИЯДА АЛТЫ АЯҚТЫ ЕРЕКШЕ ҚОЗЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ГЕРМАНИЯДА АЛТЫ АЯҚТЫ ЕРЕКШЕ ҚОЗЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Германиядағы фермалардың бірінде ерекше алты аяқты қозы дүниеге келді. Есімі – Долли, деп жазады Massaget.

Оған алғашында орнынан тұрыптамақ ішу қиынға соққан. Қозының жүруіне оңай болмуы үшін оның бір аяғы бинтпен таңылған. Дене кемістігіне байланысты қой төліне назар аудармай ма деген қорқыныш болған. Ветеринарлар тексергеннен кейін Доллидің денсаулығында басқа ақау жоқ екені белгілі болды. Мамандар қозының артық аяғымен не істеу керегін әлі шешпеген.

Мамандардың айтуынша, қозы жәндіктер тарататын Шмалленберг вирусы салдарынан алты аяқты болып туған.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер