ҚАЗАҚСТАН БИЗНЕСІ ЖҮНГЕ ЭКСПОРТТЫҚ БАЖ САЛЫҒЫН ЕНГІЗБЕУДІ СҰРАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАН БИЗНЕСІ ЖҮНГЕ ЭКСПОРТТЫҚ БАЖ САЛЫҒЫН ЕНГІЗБЕУДІ СҰРАЙДЫ

Қазақстанда2023 жылғы 1 мамырдан бастап жүнді әкетуге 10% кедендік баж қайта енгізіледі, оны алу 2021 жылы бизнестің өтініші бойынша тоқтатылған болатын. Екі жыл ішінде Қазақстанда жүнге тұрақты сұраныс пайда болмағандықтан, кәсіпкерлер бұл баждантолығымен бас тартуды сұрайды. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында хабарлады.

«2021жылы Қазақстанда жүнге 10%-ық экспорттық баж жойылды. Естеріңізде болса, бұл мәселе екі жыл бойы мемлекеттік органдардың, қауымдастықтардың, ҰКП қатысуыментүрлі алаңдарда талқыланған болатын. 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін экспорттық баждың күшін жоюға қол жеткізілді. Алайда бүгінгі күні жағдай өзгерген жоқ, жаңа фабрикалар іске қосылмады, ел ішінде сұраныс жоқ», — деді «Шымкент кашемир»ЖШС директорының орынбасары Санат Шағанбекұлы Ұлттық экономика министріменкездесуде.

«Осы аралықта өндірістік қуаттылық артып, жаңа жұмыс орындары құрылды. Сондықтан жүнді тұтынатын жаңа өндірістер құрылғанға дейін жүнге экспорттық бажды тұрақты негізде жою қажет деп санаймыз. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрінің бұйрығына тиісті өзгерістер енгізуді сұраймыз», — деді Санат Шағанбекұлы.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер