ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫМБАТ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ БАР 6 ҚАЛА АТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫМБАТ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ БАР 6 ҚАЛА АТАЛДЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың ақпан айында жазғы дизель отынының бір литрінің орташа бағасы 241 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік бөліністе еліміздің алты қаласында: Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Семей және Петропавлда ең жоғары бағалар тіркелді.

Онда бір литр отын орташа есеппен 260 теңге тұрады.

Қалған өңірлерде жазғы дизель отынының бір литрінің бағасы 230 теңгеден 240 теңгеге дейін өзгереді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер