СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Солтүстік Қазақстаноблысында ветеринария басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайдыҚазАқпарат.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл қызметті 54 жастағыЖанат Әміржанов атқарған. Осы уақытқа дейін ол Шал ақын ауданының ветеринарлықстанциясын 10 жылдан астам басқарды.

Ж. Амержанов облыстың тумасы. Тюменьдегі Солтүстік Орал мемлекеттікаграрлық университетін «ветеринарлық дәрігер» мамандығы бойынша,қазіргі гуманитарлық академияны «заңгер»мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Ольгинский совхозында бас ветеринарлық дәрігерқызметінен бастаған.

1998-2012 жылдары Тимирязев және Шал ақын ауданында әкімнің орынбасары, ауылдық округ әкімі қызметтерін атқарды.

Ветеринария саласында 20 жылдан астам жұмыс істейді. Шал ақын ауданындағыветстанцияны ол ашылған күннен бастап басқарды.

Өткен жылдың қыркүйек айында ветеринария басқармасының бұрынғы басшысыТайынша ауданының әкімі болып тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер