ЕЛІМІЗДІҢ ІРІ АГРАРЛЫҚ ӨҢІРІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЕЛІМІЗДІҢ ІРІ АГРАРЛЫҚ ӨҢІРІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Президентінің Жарлығымен Қостанай облысының әкімі болып Құмар Ақсақалов тағайындалды. Осы уақытқа дейін ол Солтүстік Қазақстан облысын басқарды.

Қостанай облысы Қазақстандағы ең кең егіс алқаптарына ие. Мұнда негізінен дәнді және майлы дақылдар өсіріліп, жоғары сапалы бидай алынады.

Мұнда ет және сүт шаруашылығы да белсенді дамып келеді.

Жаңа әкімді Қостанай облысының активіне ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов таныстырды. Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысында ол ҚР Президентінің облыс әкімі лауазымына екі кандидатураны – Құмар Ақсақалов пенАслан Жаныспаевты қарауға енгізу туралы хатын оқыды.

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, ашық дауыс берунәтижелері бойынша 244 депутаттың 192-сі Ақсақаловтың кандидатурасын қолдады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер