ҰЛТТЫҚ АГРОҚОЗҒАЛЫС ФЕРМЕРЛЕР ҮШІН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУ НҰСҚАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

ҰЛТТЫҚ АГРОҚОЗҒАЛЫС ФЕРМЕРЛЕР ҮШІН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНЫҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУ НҰСҚАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

Жыл сайын фермерлер жеңілдетілген дизель отынының қымбаттығы мәселесін көтереді. Аграршылар үшін отынның құны өте маңызды мәселе, өйткені астықтың өзіндік құнында отын 25-тен 30%-ға дейін алады, дейді ҚР Ұлттық агроқозғалысының сарапшылары.

«Фермерлер үшін отынбағасы қазір нарықтық бағаға жетуде. Біз ақпараттық вакуумдағыдай тұрмыз: дизель отынының мұндай бағасы неден тұратыны туралы еш жерде айтылмайды»,- деп атап өтті Ұлттық агроқозғалыстың төрағасы Алмасбек Садырбай.

Ұлттық агроқозғалыстың пікірінше, мәселенің шешімі көктемгі дала жұмыстары кезеңінде дизель отынына акциздің төмендетілуі болуы мүмкін: өткен жылдан бастап акциздер тоннасына 9300 теңгеден 35726 теңгеге дейін қымбаттады.

«ЖЖМ құнын төмендетудің тағы бір шешімі көктемгі егіс жұмыстары кезінде дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу болуы мүмкін», — деп ұсынды Агроқозғалыста.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер