ҚАЗАҚСТАНДА ФЕРМЕРЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫҢ САНЫ ҚАНШАҒА ӨСТІ

ҚАЗАҚСТАНДА ФЕРМЕРЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫҢ САНЫ ҚАНШАҒА ӨСТІ

Қазақстанда тіркелген шаруа немесе фермер қожалықтары субъектілерінің саны 2023 жылғы 1 қаңтарға 248 602 бірлікті құрады, оның ішінде 240 720 – жұмыс істеп тұр. 2021 жылмен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған шаруашылықтардың өсімі 8,7%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Ең көп шаруа немесе фермер қожалықтары Түркістан облысында тіркелген — 74 355 бірлік. Бұдан кейін Алматы (27 961) және Жамбыл (23 780) облыстарында.

Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымындағы жұмыс істеп тұрған фермер қожалықтарының үлес салмағы 13,2%-ды құрайды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер