ЕЛІМІЗДЕ КҮНБАҒЫС МАЙЫ ӨНДІРІСІ ҚАНША ПАЙЫЗҒА ӨСТІ?

ЕЛІМІЗДЕ КҮНБАҒЫС МАЙЫ ӨНДІРІСІ ҚАНША ПАЙЫЗҒА ӨСТІ?

Қазақстанда өткен жылы 960,5 мың гектар болған күнбағыс тұқымына арналған егіс алқабы биыл 1 млн гектарға дейін ұлғайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егін жинау аяқтауға жақын. Бүгінгі таңда фермерлер бұл дақылдың егіс алқаптарының 96%-ын жинап, шамамен 1,2 миллион тонна күнбағыс бастырды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе көп.

Сонымен қатар, күнбағыс майын өндіру көлемі өсіп келеді. Биылғы қыркүйекке қарай кәсіпорындар 352,3 мың тонна шығарды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 46,3%-ға артық. Отандық күнбағыс майының бір бөлігі экспортқа шығарылады. 2022 жылдың басынан бастап шетелге 173,1 мың тонна өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер