ҚОЙМАЛАРДА БЫЛТЫРҒЫ ПИЯЗ ШІРІП ЖАТЫР

ҚОЙМАЛАРДА БЫЛТЫРҒЫ ПИЯЗ ШІРІП ЖАТЫР

Қазақстандағы пиязөсірушілер экспортқа қойылған тыйымды алып тастауды сұрап, Ұлттық палатаға жүгінген.

Оларішкі нарыққа пияз жетеді, ал артығы шіріп жатқанын айтып дабыл қақты, депжазады inbusiness.kz «Атамекен» ҰКП-ға сілтеме жасап.

Шаруалар Үкіметтеншұғыл түрде нарыққа қанша мөлшерде өнім керегін есептеп, артығын сыртқа сатуға рұқсатетуді талап етіп отыр.

Ұлттық палатағаАлматы, Түркістан және Жамбыл облысының кәсіпкерлері жүгінген.

«Алтай»ЖШС басшысы Нұрлан Нұрбековтың айтуынша, көктемгі егіс науқаны жақындап қалды, алайдабылтырғы жуа әлі түгел сатылмағандықтан тұқым алуға қаржы жоқ. Оның үстіне пиязұзақ сақтауға келмейтін өнім, егер ол бұзылып кетсе, шығынын ешкім өтемейді.

"Қазірбіз алыпсатарларға 1 келі пиязды 150 теңгеден жеткізуіміз керек. Ал олар оны300 теңгеден артық бағамен сатады. Сонда алыпсатарлар, тіпті логистикалықшығындарды шегергенде де, 1 келіден 120-130 теңгеден пайда табады. Алпияз өсіретіндерге егінге дайындалуға және келесі маусымға тұқым алуғаақша қалмайды", – деп шағымданды Нұрлан Нұрбеков.

Кәсіпкерлердіңайтуынша, ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің қызметі іс жүзінде ірібөлшек саудагерлердің мүдделерін қорғайды. Ал нарыққа өнім жеткізу мен бағаныұстап тұрудың ауыртпалығы тек өндірушілерге түседі.

Сондай-ақ, фермерлер жағдай реттелмесе, алдағы уақытта пияз өсірмеуі мүмкін. Ал, бұләлеуметтік маңызы бар тауар екенін ескерсек, нарыққа қауіп төніп тұр деугеболады.

«Бізонсыз да жыл сайын биліктің „ығына жығылып“ тауардың бір бөлігінтөмен бағамен сатамыз. Дәл осылай жалғасса, тыйым алынбаса, келесі жылға жуаеге алмаймыз», – деді кәсіпкер.

Сонымен қатар, Нұрлан Нұрбеков Қырғызстан пияз экспортына Қазақстаннан кеш тыйым салса да,қазір алып тастағанын атап өтті.

"Қырғызстантыйымды бізден кейін қойды. Бірақ қазір алып тастады. Пиязды сонша уақыт сақтайалмайтынын, одан диқандар зардап шегетінін түсініп отыр", – деп қостыспикер.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер