СУБСИДИЯ АЛАТЫН ФЕРМЕРЛЕРГЕ ҚОСЫМША МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛМЕК

СУБСИДИЯ АЛАТЫН ФЕРМЕРЛЕРГЕ ҚОСЫМША МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛМЕК

Ауыл шаруашылығы салалары бойынша мемлекеттік субсидияберуде қосымша міндеттер жүктеледі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министріЕрбол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Субсидияны тиімді ете түсудегі тағы бір жаңашылдық — қосымша міндеттер енгізу. Талаптарғакелсек, субсидия алатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер ішкі нарықсұранысын есепке ала отырып баға тұрақтылығын сақтауы тиіс. Бұл мәселе бойыншақазір сауда және интеграция министрлігімен бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар жұмысшылардың жалақысын орташа деңгейден түсіруге жол бермеуді көздейміз. Сол сияқты 5 жылда бір рет инвестиция құю міндеті талап етілмек», — деді Ербол Қарашөкеев Мәжілісте өткен дөңгелек үстел барысында.

Сондай-ақ, министр ауыл шаруашылығы саласында инвестжобаларға жеңілдік болатынын айтты.

«Инвесторға қойылатын басты талап – жобаның нәтижелігі. Осы орайда біз инвестициялық жобаларға субсидияның 75 пайызын бірден бермекпіз. Қалған 25 пайызы жоба нәтижеәкелген соң өтеледі», — дейді ол.

Субсидияның тиімділігі мен осы саладағы жауапкершілікті арттыруды алдымен шенеуніктерден әлде шаруалардан сұрау қажет пе?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер