ІІМ ҚАРАУСЫЗ ЖАЙЫЛҒАН МАЛ ҮШІН АЙЫППҰЛДЫ ЖОҒАРЛАТУДЫ ҰСЫНЫП ОТЫР

ІІМ ҚАРАУСЫЗ ЖАЙЫЛҒАН МАЛ ҮШІН АЙЫППҰЛДЫ ЖОҒАРЛАТУДЫ ҰСЫНЫП ОТЫР

Қараусыз жайылған мал иелеріне айыппұлды жоғарлату қарастырылып жатыр.

Малын жайылуға жіберіп, оны бақыламаған үшін айыппұлдар мәселесін бүгін Үкімет отырысы барысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов көтерді.

Оның сөзінше, жыл басынан бері жануарларға соқтығысумен байланысты ЖКО саны 13%-ға артқан. Қыркүйек айында 10 күн ішінде 200-ден астам қаңғыбас түйелер мен жылқылар арнайы қораларға орналастырылған.

«Осыған байланысты, қараусыз жайылған мал иелері жауапкершілігін қатаңдату ұсынылады. Қазір ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес айыппұл 10 АЕК құрайды. Бұдан басқа, қаңғыбас малға арналған қоралар, сондай-ақ жол қоршауларын жайластыру қажет», — деп атап өтті министр.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер