АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖИІ ТІРКЕЛГЕН МИНИСТРЛІКТЕР ҚАТАРЫНДА

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖИІ ТІРКЕЛГЕН МИНИСТРЛІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысына сәйкес жемқорлық фактілері ең жиі тіркелген министрліктердің антикөшбасшысы — Қаржы министрлігі. Аталған ведомствоның 33 қызметкері сыбайлас жемқорлықпен ұсталған.

Одан кейінгі орындарда қорғаныс министрлігі (22 адам), ауыл шаруашылығы министрлігі (16 адам), индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (16 адам).

Жалпы елдегі министрліктердің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлық жасаған, бұл былтырғы жылға қарағанда 20,7%-ға артық, депхабарлайды ranking.kz.

Сыбайласжемқорлық қылмыс жасағандардың ішінде 102 қызметкер ауыр қылмыс, 4 адам – ауырлығы орташа қылмыс, тағы 4 адам – онша ауыр емес қылмыс, 1 адам – ерекшеауыр қылмыс жасаған.

Құқықбұзушылардың арасында 77 адам пара алу кезінде ұсталған. Бір жылда өсім 63,8%-ды құрап отыр. 14 адам алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық жасаған. Бұдан бөлек 7 адам лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 6 адам пара беру, ал 5 адам «сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша ұсталды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі Алматыда (23 адам) тіркелген. Одан кейінгі орындарда Шымкент қаласы (12 адам) мен Алматы облысы (10 адам) бар.

Ең аз құқық бұзушылық Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Ал, жаңадан құрылған үш облыста және Қарағанды, Қостанай облыстарында мұндай құқық бұзушылық жағдайлары тіркелмеген.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер