<o:p> </o:p>
Қазақстанауыл шаруашылығы министрлігі адай жылқыларының асыл тұқымды мал басы ретіндеғылыми тану және өсіру бағдарламасын іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ElDala.kz ведомствоныңбаспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Министрлік 2024-2026 жылдарғаарналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Адай жылқы тұқымынжетілдіру және құру жөніндегі ғылыми-зерттеу бағдарламасын іске асырудыжоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 2023 жылдың басында алғашқы отырысынөткізетін жұмыс тобы құрылуда», — деді ауыл шаруашылығывице-министрі ӘбілқайырТамабекМаңғыстау облысына жұмыс сапары барысында.
АШМ мәліметтерібойынша, өңірде Адай тұқымды жылқыларды өсірумен айналысатын фермерлікшаруашылықтар саны артып келеді. Жергілікті тұрғындар бұл жылқыларды тануаймақтың агроөнеркәсіптік кешеніне оң әсер етіп қана қоймай, бірегей тұқымдыұлттық брендке айналдыратынына сенімді.
Естеріңізге салакетейік, қараша айында Қазақстан Президенті Маңғыстау облысына жұмыс сапарыкезінде Адай жылқы тұқымын ғылыми тану бойынша шаралар қабылдауды тапсырғанболатын.
Өңірдің ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесуде Әбілхайыр Тамабек АӨК саласыныңнегізгі көрсеткіштері және келесі жылы енгізілетін инновациялар туралы айтыпберді.
Ең алдымен, олалдағы қыстауға жем дайындау процесіне тоқталды. Әкімдіктердің деректерібойынша өңірде 73,9 мың тонна шөп немесе жоспардың 94,8% және 22,6 мыңтонна жем жиналды, бұл жоспарланған көлемнің 95,2% құрайды.
Вице-министрбиыл мал шаруашылығы саласы өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есе көпқаражат алғанын, сомасы 706,7 млн теңгені құрағанын, 330 ауылшаруашылығы кәсіпорны субсидия алғанын, қаражаттың көп бөлігі жемшөп құнынарзандатуға жұмсалғанын еске салды. 2023 жылға 369,7 млн теңгесомасына құрама жем субсидияларына 273 өтінім келіп түсті.
ӘбілхайырТамабек сонымен қатар жергілікті фермерлерге 2023 жылы бүкіл елбойынша жұмыс істейтін халықтың табысын арттырудың жаңа жобасы туралыхабарлады. Ауыл тұрғындары өз ісін дамытуға жеңілдікті шағын несие ала алады.Маңғыстау облысы бойынша жобаны іске асыруға 800 млн теңгеқарастырылған.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер