АШМ ЖҮН МЕН ТЕРІНІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ БОЙЫНША ИНВЕСТЖОБАЛАРДЫ СУБСИДИЯЛАМАҚ

АШМ ЖҮН МЕН ТЕРІНІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ БОЙЫНША ИНВЕСТЖОБАЛАРДЫ СУБСИДИЯЛАМАҚ

2022 жылы жүн мен теріні терең өңдеуді дамыту функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді. Ағымдағы жылы ведомство саланы дамытуды ынталандыру жөнінде қосымша шаралар әзірлейдіжәне енгізеді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

«Енді біздің міндетіміз осы бағыттың одан әрі дамуын қамтамасыз ету, ол үшін бастапқы өңдеуді ғана емес, сонымен қатар жүн мен теріні терең өңдеуді инвестициялық субсидиялауды қоса алғанда, тиісті шаралар кешені әзірленетін болады», — деді Ербол Қарашөкеев.

2023 жылы Қазақстанда қуаттылығы жылына 50 мың тонна етті қайта өңдеу бойынша жеті жобаны және жалпы қуаттылығы жылына 25 мың тонна сүтті сүт зауыттарын жаңғырту бойынша бес жобаны іске қосу жоспарлануда.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту үшін бес жобаны пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде қуаттылығы жылына 86 мың тонна майлы дақылдарды қайта өңдейтін екі зауыт; қуаттылығы жылына 10мың тонна жемістер мен көкөністерді қайта өңдейтін екі кәсіпорын,қуаттылығы 1 мың тонна нан-тоқаш өнімдерін шығаратын зауыт бар.

Бұдан басқа, қант саласын дамытудың бес жылдық кезеңге арналған Кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыру жалғасады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер