Үкімет басшысы Әлихан Смайылов үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннен су тасқыны бойынша қандай дайындық жасалып жатқанын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкіметте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша ақпаратберді. Оның сөзінше, су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін. Бұл дегеніміз 127 мыңнан астам үй және700 мыңнан астам азамат.
«Биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақты қабатының қаттытоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Өңірлерде Төтенше жағдайлардыңалдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандықкомиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілді», — деді Юрий Ильин.
Сонымен бірге полиция бөлімшелерімен бірлесіп елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар басталды және жүргізіліп жатыр. Бұлдегеніміз — дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдардыәкімшілік жауапкершілікке тарту.
Биыл екі айда 15,1 кмуақытша бөген салынды, 24 км-ға жуығы жөнделді, 16 км-ден астам уақытша бөген, сонымен қатар елді мекендердің айналасында 41 км білік тұрғызылды.
Оның 5 мың км-ға жуығыканал мен арық, автомобильдер және темір жолдар астында. 8,5 мыңнан астам суөткізу құрылысы тазартылды. Халықпен 2 мыңнан астам жиын өткізілді, 55 мыңнанастам ұсыныс таратылды.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер