ЖАС КӘСІПКЕР ТАБИҒИ ТЫҢАЙТҚЫШ ӨНДІРЕ БАСТАДЫ

ЖАС КӘСІПКЕР ТАБИҒИ ТЫҢАЙТҚЫШ ӨНДІРЕ БАСТАДЫ

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында жеке кәсіпкер Гүлмира Құрманиязова әртүрлі әдістерді қолданып, органикалық тыңайтқыш түрі – компост өндіріп жатыр. Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Компост – қазіргі кезде қолжетімді ең жақсы органикалық тыңайтқыштардың бірі. Оның құрамында өсімдіктің дамуы менөсуіне қажетті барлық минералдар бар. Сондай-ақ топырақтағы ылғалды сақтап, өсімдіктерді суаруға жұмсалатын суды 40 пайызға дейін азайтады. Өсімдіктердің иммундық жүйесін нығайтып, әртүрлі вирустық аурулар мен ағаш зиянкестерінен қорғайды.

«Жеке кәсіпкердің негізгі мақсаты – өңірді жасыл аймаққа айналдырып, одан шыққан табиғи өнімдерді пайдалану. Кәсіпкер алдағы уақытта табиғи тыңайтқыш компост өнімін көбейтіп, Басқұдық ауылдық округінде орналасқан егістік базарындағы кәсіпкерлермен келісімшартқа отырып, нарыққа шығаруды жоспарлап отыр», — делінген баспасөз мәліметінде.

Кәсіпкерге Мұнайлы ауданының әкімдігі алдағы уақытта мемлекет грантын ұтыпалып, кәсібін қаржыландыруға кеңес берді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер