АШМ ҚОСТАНАЙЛЫҚ АГРАРШЫЛАРҒА ӨРТ САЛДАРЫНАН КЕЛГЕН ШЫҒЫНДЫ ӨТЕУГЕ УӘДЕ БЕРДІ

АШМ ҚОСТАНАЙЛЫҚ АГРАРШЫЛАРҒА ӨРТ САЛДАРЫНАН КЕЛГЕН ШЫҒЫНДЫ ӨТЕУГЕ УӘДЕ БЕРДІ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысының аграршыларына өрт салдарынан келген шығын өтеледі деген уедесін беріп отыр.

Еске салсақ, облыстағы өрттен кейін шаруалар малы мен егіннің бір бөлігінен айырылып отыр. Құзырлы министрліктің жауабын күтіп жүргендердің саны көп.

Алайда салалық ведомство өрттің салдары елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейтініне сендіреді.

Биыл ел бойынша 14 млн тонна бидай жинау жоспарланған, өткен егіннің қалдықтары бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінде атап өткендей, бұл ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

"Қостанай облысы бойынша егін жинау алаңы шамамен 4 млнга құрайды, Егістіңбөлігі жойылса да, бұл азық — түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді", — дейді ҚР АШМ Егін шаруашылығы департаментінің директоры Азат Сұлтанов.

Мұның іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын әлі де көре жатармыз. Сіздер қалай ойлайсыздар, сөздерінде тұра ма екен?

MalBazar телеграм-арнамызда өз пікіріңізбен бөлісе аласыздар.