МИНИСТР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ӨҢІРЛЕРДІ АТАДЫ

МИНИСТР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ӨҢІРЛЕРДІ АТАДЫ

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

Министрдің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 8,2 пайызға ұлғайды.

Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті, – деді ведомства басшысы Үкімет отырысында.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай:

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 7 өңірде — Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Шазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер