Қазақстанда жаңа ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды

Қазақстанда жаңа ауыл шаруашылығы министрі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпеллұлы Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Жарлығының мәтіні

* * *

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 4 қыркүйек