СҚО-ДАҒЫ МЕГАФЕРМА 30 МЫҢ АДАМДЫ СҮТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

СҚО-ДАҒЫ МЕГАФЕРМА 30 МЫҢ АДАМДЫ СҮТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысында аграрлық салада жаңа кешендердің іске қосылуы жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғабит Мүсірепов ауданында «Возвышенка СК» ЖШС мегафермасын іске қосты. Жоба сомасы — 4,5 млрд теңге. 30 тұрақты жұмыс орны құрылып, болашақта 60-қа жеткізіледі.

«Бұл біздің облыстағы ғана емес, елдегі еңірі сүт фермаларының бірі. Толық қуатқа шыққан кезде ферма жылына 9 мың тоннасүт өндіретін болады. Егер қарапайым сандарға аударылса, мегаферма бір жыл ішінде 30 мың адамды сүтпен қамтамасыз ете алады», — деп жазды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілерде.

5 жыл бұрын Мүсірепов ауданында үш сүт фермасы жұмыс істеген. Бүгін алтыншы ферма іске қосылды. Екі ферма салынуда: «Буденное» ЖШС және «УК Әділет», тағы екі ферманың құрылысы басталады. Ауданда барлығы 10 сүт фермасы жұмыс істейтінболады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер