19 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған ҚР Парламентінің мәжілісін таратып, ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.
Әділет министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген:
Amanat партиясы;
«Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
Қазақстан Халық партиясы;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
«Жалпы ұлттық социал-демократиялық партия»;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
«Respublica партиясы» қоғамдық бірлестігі.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер