МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ҚҰС ТҰМАУЫНА ҚАРСЫ ЖАППАЙ ВАКЦИНАЦИЯ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА ҚҰС ТҰМАУЫНА ҚАРСЫ ЖАППАЙ ВАКЦИНАЦИЯ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Маңғыстау облысында үй құстарына тұмауға қарсы жаппай вакцинация жүргізілуде. Төрт ауданда — Түпқараған, Мұнайлы, Қарақия және Бейнеу аудандарында республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың 8 бригадасы жұмысістейді, деп хабарлайды Хабар 24.

Олар 19 мыңға жуық тауықты, қазды және күркетауықты иммундауды жоспарлап отыр. Вакцинация тегін. Науқан 10 күнге созылады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтау маңындағы Қаракөл көлінен табылған өлген аққулардан құс тұмауы анықталған болатын.

Абжет Бекмурзин, Мұнайлы ауданының ветеринариялық станциясы директорының орынбасары:

— Мысалы, Мұнайлы ауданының Баянды ауылында 2600 үйқұстары тіркелген. Мұнда 2 бригада жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мұнда 2000құс вакцинацияланды. Бұрын біздің облыста құс тұмауы тіркелген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер