Мамыр айында құрғақшылық күтілмейді

Мамыр айында құрғақшылық күтілмейді

Синоптиктердің болжамы бойынша мамыр айында республиканың басым бөлігінде нормадан аз жауан-шашын болжанады. Нормаға жақын - Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында, деп хабарлайды World of NAN Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сонымен қатар, топырақтың көктемгі сулануын және қолда бар ылғал қорын ескере отырып, мамыр айында құрғақшылық күтілмейді.

Қазақстанның басым аумағында ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болады, ал жекелеген аудандарда ылғалдандыру шарттары оңтайлы ылғалды болмақ,

Оңтайлы жағдайлар негізінен Шығыс Қазақстан және Абад облыстарында: Тарбағатай, Құршым, Зырян, Катонқарағай, Шемонаиха, Бородулиха, Жарма, Аягөз, Көкпекті аудандарында және Семей қаласында болады. Сондай-ақ, оңтайлы жағдайлар Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Атбасар, Егіндікөл және Астрахан аудандарында, Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында және Алматы және Ақтөбе қалаларында күтіледі.

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты біліп, пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар.