Мал шаруашылығын субсидиялауда өзгеріс енгізілді

Мал шаруашылығын субсидиялауда өзгеріс енгізілді

Мал шаруашылығын субсидиялауда жемқорлық жиі кездесетін 2 бағыт алынып тасталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Яғни, енді тайыншаларды жалға алуға және тұқымдық тегіне сәйкес келетін импортталған аналық ірі қара мал басын сатып алуға қаржы берілмейді. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бұл бағыттарға соңғы 5 жылда 556 миллиард теңге жұмсалған екен. Бірақ қаражаттың көп бөлігі тиісті жеріне жетпеген.

– Тайыншаларды жалға алуға және импортталатын аналық ірі қара малды сатып алуға субсидия сұраған шаруалар жұмыс тобында ақшаның жемқорлық жолмен жілік-жілікке бөлініп кетпейтінін дәлелдей алмады ғой. Сондықтан бұл бағыттарға қаржы бөлуді тоқтаттық. Алайда ақша басқа бағыттарға бөлінеді. Мәселен, биыл 450 миллиард теңге бөлінді. Оның жартысы мал шаруашылығына беріледі. Сондықтан бұл жерде қаржы жағынан бір бағытқа аз немесе көп бөлініп кетті деуге негіз жоқ, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Біздің Instagram, Youtube, Телеграм-канал аккаунттарымызға тіркеліп, еліміздің қызықты агрожаңалықтарынан хабардар болыңыздар.