Үкімет бір қолында жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауылшаруашылық жер учаскелерінің максималды мөлшерін бекітетін қаулы жобасын мақұлдады. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек хабарлады, деп жазады eldala.kz.
«Республика бойынша орта есеппен, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты шаруа және фермер қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының шекті (ең жоғары) мөлшері 35 мың га, заңды тұлғалар үшін – 51 мың га мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте осы норма енгізілгенге дейін берілген жерлер бойынша тиісті талдау жүргізіледі», — деді Тамабек.
Ол сондай-ақ өткен жылы жер пайдаланушыларға қатысты тексерулер саны 9 есе артқанын, ал тексерумен қамтылғандар 21 есе өскенін еске салды. Нәтижесінде 1,8 млн гектарға жуық пайдаланылмайтын жерлерді игеру басталды.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер