ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРШЫЛАРЫ КҮРІШ ЖИНАУҒА АСЫҒУДА

ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРШЫЛАРЫ КҮРІШ ЖИНАУҒА АСЫҒУДА

Мақсат — жаңбырлы маусымға дейін үлгеру. Қызылорда күріш өсірушілері қазір күріш жинауға бар күшін салуда, деп хабарлайды «Хабар 24». Даладағы жұмыс күндіз де, түнде де тоқтамайды. Егілген алқаптардың жартысы қазірдің өзінде жиналып үлгерді.

Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі егіс алқаптарының көлемі 451 гектарға өсіп, 188,5 мыңды құрады.

«Күн сайын 300 тоннаға дейін күріш қабылдаймыз. Негізгі сорт – «Лидер». «Маршал» және «Премиум» сорттары да егілді. Біз кептіру, тазалау жұмыстарын жүргіземіз. Содан кейін сақтауға және қайта өңдеуге жібереміз. Жұмыс кестесі тығыз. Тәулік бойы екі ауысымда жұмыс істейміз. Әрқайсысында — 15 адам. Қазір біз үшін ең бастысы – жаңбыр басталғанға дейін жұмысты аяқтау», — дейді агроном Нұрлан Наурызбаев.

Бүгінгі таңда аймақта арпа мен тары, күзгі және жазғы бидай толығымен жиналды. Көкөністерді, жемшөп және бақша дақылдарын жинау аяқтуға жақын. Күріш жинауды 10 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер