Қазақстанның үздік ауыл әкімі аталды. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының жеңімпаздарымен кездесті.
Қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жүзге жуық ауылдық округінің әкімдері өтінім берді. Облыстардың арасында Қостанай облысынан 14 әкім, Солтүстік Қазақстан облысынан 12 әкім, Жамбыл облысынан 12 әкім конкурсқа өтінім беріп, белсенділік танытты.
Конкурс қорытындысы бойынша Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейтов «Үздік ауыл әкімі» атағын иеленді.
Екінші орынды Павлодар облысы Успенауданы Новопокровск ауылдық округінің әкімі Вячеслав Симоненко, үшінші орынды Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Әбшанов ие болды.
Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының құрмет грамотасымен марапатталды.