ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨКТЕМДЕ ҚЫЗАНАҚ ЭКСПОРТТАУДЫ БАСТАЙДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨКТЕМДЕ ҚЫЗАНАҚ ЭКСПОРТТАУДЫ БАСТАЙДЫ

Түркістан облысының шаруалары көктемде қызанақ экспорттауды бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысының шаруалары көкөністерді көктемде нарыққа шығаруға дайындалып жатыр.

Соның бірі – Сарыағаш ауданы Қабланбек ауылдық округі аумағындағы орналасқан «Занджаниджад» шаруа қожалығы.

Мұнда қызанақ өсірумен 10 адам тұрақты айналысады.

Алдағы айда диқандар 200 тонна қызанақты Ресейге экспорттамақ.

«Бұл – отбасылық бизнес. Диқаншылықпен 30 жылдан бері айналысып келеміз. Қараша айында қызанақ тұқымын септік, желтоқсанда жылыжайда көшетін отырғыздық. Наурыз айының соңында өнім аламыз деген үміт бар. Қызанақ егу, оны өсіру жұмысы жүріп жатыр. Қызанақтан бөлек гүл өсіруді де жоспарлап отырмыз», – дейді диқан Рүстем Занджаниджад.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудағы негізгі саланың бірі – ауыл шаруашылығы.

Аудан аумағында орналасқан 683,2 гектар жылыжайларда негізінен қызанақ, қияр, болгар бұрышы, аскөк, баклажан, түсті қырыққабат, құлпынай және гүлдер өсіріледі.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер