Аграрлық несие корпорациясы 2023 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарына 140 миллиард теңге бөледі, деп хабарлайды корпорация.
Республикалық бюджеттен бөлінген алғашқы транш — 70 миллиард теңге корпорацияның шотына түсті.
Шаруалар жеңілдетілген несие қаражатын аймақтардағы кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары арқылы алады.
«Кең дала» бағдарламасы бойынша берілетін несиенің мерзімі- келесі жылдың 1 наурызына дейін. Несие қаражаты қаржы ұйымдарына 1,5% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен және 1,5% — дан басталатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Ал қаржы ұйымдары шаруашылықтарға несиені жылдық 5%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен рәсімдейді.
Айта кетейік, бағдарлама шартында былтыр енгізілген жаңашылдықтар сақталды: егер бұрын несиелеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектелген болса, енді келесі жылдың көктеміне дейін ұзартылып отыр, деп хабарлайды АНК.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер