ЕГІН ҰРЛЫҒЫ: ҰРЫ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛЫП ШЫҚТЫ

ЕГІН ҰРЛЫҒЫ: ҰРЫ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛЫП ШЫҚТЫ

Солтүстік Қазақстан облысындағы фермерден 12 тонна бидайды кәсіпорнының жүргізушісі ұрлап кеткен. Бұл бидайдың жаңа егіні болатын.

30 тамыз күні Есіл ауданында мобильді топтардың бірінде орманға апаратын КамАЗ іздері байқалған. Тәртіп сақшылары іздің соңынан түсіп, ұрланған дәнді тапты.

«Шақырту бойынша келген жедел-тергеу тобы кәсіпорынның 39 жастағы қызметкерінің қатыстылығын анықтады. Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы „Ұрлық“ бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Оқиға орнынан 1,4 млн теңгеден астам сомаға 12 тонна 260 килограмм бидай тәркіленіп, иесіне қайтарылды», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыскерді қысқа уақытта табуға кәсіпорын иесімен қабылданған қауіпсіздік шаралары ықпал етті, деп хабарлады аудандық полиция бөлмшесінің бастығы полиция подполковнигі Ерлік Еслямбеков.

Malbazar телеграм-арнасына пікіржазып отырыңыздар.