ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГ ЕГІН ТҮСІМІН ЕСЕПТЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГ ЕГІН ТҮСІМІН ЕСЕПТЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

2023 жылдан бастап егін түсімін есептеуде ғарыштық мониторинг деректері пайдаланылады. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған.

«Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы өнімін жинау жөніндегі деректерді жетілдіру мақсатында 2023 жылдан бастап жекелеген дәнді дақылдардың өнімділігі, егіс алаңы және жалпы жиналымы бойынша ғарыштық мониторинг деректерін пайдалану жоспарланған», — деді Үкімет басшысы жауабында.

Сондай-ақ, Әлихан Смайылов биыл Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу және пайдалану жөніндегі құзыреті күшіне енгенін хабарлады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер