ҚОШАНОВ: «МҰНДА СІЗДІҢ ҚОЛ АСТЫНДАҒЫЛАР ДАЙЫНДАҒАН СӨЗДЕРДІ ОҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ»

ҚОШАНОВ: «МҰНДА СІЗДІҢ ҚОЛ АСТЫНДАҒЫЛАР ДАЙЫНДАҒАН СӨЗДЕРДІ ОҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ»

Мәжілістің жалпы отырысы кезінде спикер Ерлан Қошанов сөз сөйлеп жатқан министрге ескерту жасады, алайда барлық министрлерге ескерту жасап, премьер-министрге оның ескертуін жеткізуді тапсырды.

Оның айтуынша, пленарлық отырысқа дайындықпен келу керек.

«Кейбір министрліктердің өкілдеріне ескерту жасағым келеді. Мұнда сіздің қол астындағылар дайындаған ақпаратты оқудың қажеті жоқ. Мен үкімет өкіліне ескерту жасап, премьер-министрге жеткізуді тарсырамын. Егер министрлік өкілдері дайын болмаса, олардың орнына басқа адамдар келсін. Келістік пе?» — деді ол.

Мәжіліс басшысы бұл мәселелер жұмыс тобы мен комитет отырысында талқыланғанын және осында келгенде министрлер тақырыпты бес саусағындай білуі тиіс екенін айтты.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер