Қазақстанның ветеринариялық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ветеринария саласында кадрлар даярлау бойынша ауыл квотасы ағымдағы жылы бүгінгі 30% – дан 35% — ға дейін ұлғайтылды, білім беру гранты 825-тен 925 грантқа дейін ұлғайтылды, білім беру гранттарының құны мемлекеттік жоғары оқу орындарында 635,0 мыңнан 955,8 мың теңгеге дейін, ұлттық жоғары оқу орындарында 1 082,6 мың теңгеге дейін ұлғайтылды», — деп жазды Әбілқайыр Тамабек депутаттық сауалға өз жауабында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының базасында студенттер үшін практикалық сабақтар өткізіледі.
«Жоғарыда аталған барлық реформаларды кезең — кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда, бұл Қазақстанның ветеринариялық қызметінің тиімділігін арттыруға және оны жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», — деп сендірді вице-министр.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер