АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ҚАШАН ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ҚАШАН ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?

Жылдар өтіп бара жатқанымен, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жетістіктер шамалы.

Міне күні кеше парламент асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын дамытуға арналған кезекті құжатты қабылдады.

Қаралып отырған заң жобасын қабылдау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіріп, заманауи нормативтік-құқықтық база құруға, селекциялық және асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыстарын жүргізу тәсілдерін қайта реттеп, ауыл шаруашылығы малдарының генетикалық әлеуеті мен өнімділік көрсеткіштерін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Сонымен қатар, биоэтанолды пайдалану аясын кеңейту көзделген.

Осы орайда депутаттар бұл құжат асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын сапалы жаңа деңгейге көтеруге, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға оң әсерін тигізетініне сеніп отыр.

Болашақта нәтижесін халық болып бағалайтын боламыз.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер