ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАКАРОН ӨНІМДЕРІ МЕН СУСЫНДАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАКАРОН ӨНІМДЕРІ МЕН СУСЫНДАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Қазақстандық тамақ өнімдерін экспорттаушылар Қытайға жеткізілімдерді ұлғайтуға мүмкіндік алды, өйткені ел пандемия кезінде енгізілген шектеулерді біртіндеп алып тастауда. Атап айтқанда, экспортты ұлғайту бойынша ақтөбелік өндіруші – «Молочные истории-А» ЖШС жоспарлары бар. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП хабарлады.

«Молочные истории-А» директоры Асылгүл Ілиясова қытайлық серіктестермен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«Ақтөбе облысының аумағында біз ҚХР-ға „Тандем“ сауда маркалы дайын тамақ өнімдерін экспорттаушы болып табыламыз. Қытай тарапымен ресми келісімшарт 2020 жылы жасалды. Пандемияға байланысты алғашқы жеткізілімдер тек 2022 жылы жүзеге асырылды. Енді біз үлкен көлемде жұмыс істейтін боламыз, өйткені біз барлық қажетті құжаттаманы, қалай жұмыс істеу керектігін және бізден не талап ететінін білеміз. Олардың талаптары — өнімнің сапасы, құжаттардың толық пакеті, біздің талаптарымыз — 100% алдын ала төлемжәне олардың импорттаушысы екенімізді растайтын құжаттардың толық пакеті»,- деді Асылгүл Ілиясова.

Кеңесте атап өтілгендей, қытайлық серіктестер ҚХР-ға макарон, бұқтырылған ет, шұжық импорттауға үлкен қызығушылық танытты.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер