КЕҢЕС ДӘУІРІНЕН ҚАЛҒАН, ШІРІГЕН ҚҰБЫРЛАРДАН АУЫЗ СУ ІШУГЕ МӘЖБҮР

Индустрия министрлігі елді мекендерді ауыз сумен қамтушаруасына тоқталды. Осындайда ұраншыл келетін Үкімет «Қуатты өңірлер – елдамуының драйвері» атты ұлттық жоба шеңберінде су деп кенезесі кепкенауылдардың көсегесін көгертпек. Тіпті2025 жылға дейін елді мекендердің 100% тұп-тұнық тұщы сумен қамтамасыз етіледідеген мықты меже бар. Қош, иланудан шаршамайтын халықпыз ғой, оған дасендік, үміттендік.

Индустрия министрі Қайырбек Айтбайұлының айтуынша,Қазақстан бойынша 85,1 мың шақырым су құбыры болса, соның 19,1 мың шақырымы немесе 22,5%-ның әбден тозығы жеткен, яғни шұғылалмастыру керек.Салыстыру үшін айта кетсек, жер аумағы бойынша тоғызыншыорындағы Қазақстан батыстан шығысқа дейін 3 мың шақырымға созылып жатыр. Күтіміболмаған соң қандай көлемдегі құбырдың шіріп, қаншама азаматтарымыздың сапасызсу ішіп жатқанын бағамдай беріңіздер.